Еңбек негізгі орта мектебінде Тілдер апталығына орай 09.09.2022 күні 5-6-сынып оқушыларына «Тіл білгірі» атты сайыс өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, өз тілін дұрыс меңгеріп, таза сөйлей білуге, ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу. оқушылардың өз ұлтына, өз еліне,


өз тарихына деген сүйіспеншіліктерін ояту; ана тіліміздің қадір-қасиетін дамыту; ана тілін құрметтеуге, топ алдында еркін ,сөйлеуге баулу; халқымыздың салт-дәстүрлерін дәріптеу; озық ойлы оқушыны анықтау- танымдық көзқарасын қалыптастыру.
Интерактивті тақтаны қолдану арқылы оқушыларға тапсырмалар мынадай кезеңдерден тұрды.
1Таныстыру
2«Жедел жауап»
3«Мақал - мәтел»
4Салт-дәстүрімізді құрметтейік!»
5 «Сөз дегенің бір жұмбақ,
Ойланып ал да шешуін тап»
6«Кім жылдам?»
7
«Ескірмейтін есті сөз»

Қорытынды



Екі сыныптың оқушылары ортаға шығып ана тіліне жазылған өлең шумағы бойынша екі топқа бөлінді.Оқушылар әр кезең бойынша сұрақтарға қызығушылық танытып жауап берді.
Нәтижесінде «Әрсен» тобы 24,5ұпайымен жеңіске жетті.
Оқушылар шара соңында «Ана тілім» әнін барлығы орындады.