Еңбек негізгі орта мектебінде 08.09.22 ж күні мектебіміздің ата-аналарына " Тәрбие көзі - отбасы " тақырыбында психологиялық тренинг және пікірлесу сағаты өткізілген болатын .

Мақсаты : Ата-аналардың көңіл – күйін жақсарту, бірігіп жұмыс істеу жүйесін дамыту, ой қозғату, әдістемелік көмектер беру. Тәрбиенің ең тамаша жері - отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым – қатынастың жақсы болу керектігі жайлы айту.

Шарамыз тренингпен басталып , ата-аналарға " Өз балаңызды жақсы білесіз бе ? " атты жаттығулары өткізілді . Әрі қарай " Бақыт деген не өзі ? " тақырыбындағы аяқталмаған сөйлемді аяқтап , өз ойларымен бөлісті . " Мен үшін қымбат ата-ананың ... " тақырыбында ата-аналар екі топқа бөлініп постер қорғаған болатын , әр топ ата-аналары өздерінің жазғандарын қорғап , пікірлерімен бөлісті және де “ Бала деген кім ? ” деген сұраққа әрбір ата-ана жеке өз ойларын жазып , пікірлерін білдірген болатын . Әрі қарай ата-аналарға видеоролик көрсетіліп , осы видеодағы ролик талқылаңған болатын . Ата-аналар өз ойларын білдіріп , бала тәрбиесіне көп көңіл бөлу керек екендіктерін айтты . Бүгінгі психологиялық тренингіміз " Тілек шамымен " аяқталды , мұнда ата-аналар барша ата-аналардың отбасына өз тілектерін білдірді

Мектеп психологы :                 Д.М.Мулдабеков